È

Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» комедиясының трейлері

Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» комедиясының трейлері

Желіге Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» жаңа фильмінің трейлері жарияланды. Картина Bissembin film студиясымен комедиялық жанрда түсірілген.

«Кинодан да артық» фильмінің басты кейіпкері – толықметражды фильм түсіруді армандап жүрген жас режиссер. Тағдыр бір күні оған тосын сый дайындайды, режиссерге арманын шындыққа айналдыру мүмкіндігі туады. Бірақ әр нәрсенің өз бағасы бар емес пе, себебі кино әлемі біз ойлағандай оңай емес. Таспа кейіпкерлері күтпеген оқиғаларға тап болады.

Картинадағы негізгі рөлдерді Данияр Алшынов пен Аружан Жазылбекова сомдады. Сондай-ақ, көрермендер комедиядан Дәурен Айдарқұлов, Жәния Джуринская және Газрет Ержановты көре алады. Вайнерлер Нағима Ахметова мен Рәтбек Байенов киноға алғаш рет түсіп отыр.

Асқар Бисембин үшін «Кинодан да артық» комедиясы – бесінші толықметражды фильмі. Оның алдыңғы жұмыстары: «Үшеуге арналған үйлену тойы», «Адель», «30-да күйеуге шығу» және «Наурыз.kz». Айта кету керек, Бисембин алдыңғы картиналарында режиссер мен сценарист қана болса, жаңа жобада ол бас продюсер атанды.

Комедия 23 қараша күні үлкен экранға жол тартады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер