È

Асқар Бисембин «Кинодан да артық» фильмі туралы айтып берді

Асқар Бисембин «Кинодан да артық» фильмі туралы айтып берді

Бір айдан кейін, 23 қарашада отандық айналымға Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмі шығады. Режиссер ratel.kz сайтына берген сұхбатында жаңа картина туралы және отандық кинематографтың сыртындағы оқиғалардың көрсетілетіні-көрсетілмейтіні жайында баяндап берді.

«Иә, біз барлығын көрсетуге тырыстық. Шыны керек, бір ғана көркем фильм арқылы түсірілім алаңында болып жатқан жәйттардың барлығын көрсету өте қиын. Себебі, барлығы бірдей аудиторияға жаға бермейді ғой. Кейбір көріністер сахна кадр қалды. Сценарийі де оңайлықпен жазылмады. Жалпы, ромком (романтикалық комедия – ред.) бір ғана махаббат желісінен құрылады, ал бізде үшеу. Фильмде киноөндірістің қыр-сырынан гөрі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсету маңызды болды»,-дейді Бисембин.

«Кинодан да артық» фильмінің түсірілімінен сурет

Режиссер кино әлемі туралы толығырақ суреттеу үшін хикая түсіру қажеттілігін алға тартты. Қоюшының пайымдауынша, бір фильм аздық етеді.

Жаңа комедиядағы басты рөлдер Аружан Жазылбекова мен Данияр Алшыновқа бұйырды. Картина Алматыда ағымдағы жылдың шілдесінен тамыз айына дейін түсірілді. Түсірілімге еліміздің барлық кино қайраткерлері қатысты деуге болады. Эпизодтардың бірінде Ақан Сатаев төбе көрсетеді.

Данияр Алшынов және Аружан Жазылбекова

Асқар Бисембин сұхбатында «Кинодан да артық» фильмін «бұзақылар киносы» деп атады. Себебін сұрағанымызда былай жауап берді:

«Негізі түсірілім алаңында актерлардан нақтылықты талап ететінмін. Бұл фильмде актерларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Барлығы түсірілімге өз ойларына келгенін жасады. Бұл кәсіби тұрғыдан қарағанда бұзақылыққа жатады емес пе? Бір күні ашық түрде фрик-шоу жасайтын уақыттың туатынына сенемін. Мұндай жанрда американдық режиссер Тодд Филлипс «Вегастағы балалар кеші» және жаңазеландиялықтар Тайка Вайтити мен Джемейн Клемент «Шынайы жалмауыздар» фильмдерін түсірген».

Суреттер Асқар Бисембиннің Instagram-дағы @askarbissembin жеке парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер