È

Ақан Сатаев Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильміне түсті

Ақан Сатаев Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильміне түсті. Қазақстан киносы

Ақан Сатаев Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмінің түсіріліміне атсалысты. Алайда, режиссер бұл жолы өзінің әдеттегі жұмысын емес, актерлік шеберлігін көрсетті.

«Жарты жыл бұрын әріптесім Асқар Бисембин өзінің киносына шақырып, кішігірім рөл сомдауымды сұраған болатын. Осылайша, бүгін киноға түсіп, кішкентай рөлдердің болмайтындығын дәлелдеуге тырыстым. Оның үстіне, берілген көрініске дарынды Данияр Алшыновпен бірге түскенім үшін қуандым. Енді тұсаукесерді тағатсыздана күтіп жүрмін»,-деп бөлісті Ақан Сатаев жаңалықтарымен өзінің Instagram парақшасында.

Суреттер Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан алынды

Бисембин өз кезегінде Ақан Қарғамбайұлының режиссурада қандай дарынды болса, актерлік ойында да сондай талантты екенін атап өтті.

Айта кету керек, Сатаев үшін бұл комедия – алғашқы актерлік тәжірибесі емес. Режиссердің фильмографиясында Сатыбалды Нарымбетовтың «Жас аккордеоншының өмірбаяны» және Қалдыбай Әбеновтың «Аллажар» фильмдеріндегі рөлдері, сондай-ақ, өзінің «Хакер» триллерінде эпизоды бар.

Еске сала кетсек, «Кинодан да артық» - кинематограф пен кино қайраткерлеріне арналған Асқар Бисембиннің бесінші толық метрі. Картинадағы басты рөлдер Аружан Жазылбекова мен Данияр Алшыновқа бұйырды.

 

Превью: lofficiel.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер