È

«Всё из-за мужиков» комедиясының трейлері

 «Всё из-за мужиков» комедиясының трейлері

«Всё из-за мужиков» қазақстандық комедиясының трейлері жарияланды. Картина - «Интерны» және «Универ» секілді ситкомдардың қоюшы-операторы Виктор Бормотовтың режиссерлық дебюты.

«Всё из-за мужиков» фильмінже үш жігіт әйелдер әлеміне түсіп кетеді. Кейіпкерлердің бірі - Тұрсынбек әдемі Алинаға үйленген. Ол - перфекционист, алдын ала жоспарлағанды ұнатады, сондықтан жұбайы мен араларында түсінбестік туады. Әйелі ашуланшақ және өзін өзі қатты жақсы көреді, жас отбасының шщамасы келе бермейтін қымбат киімдерге қызығады. олардң арасындағы қарым-қатынас қалай өзгереді, Тұрсынбектің басынан өткен оқиғаның соңы не болады, мұны жақында көре аласыздар.

Жұбайларды ойнаған Данияр Алшынов пен Жәния Джуринская, олар бұған дейін де «Ничего личного» фильмінде ғашықтарды ойнаған болатын.

Басқа да қызықты рөлдерді Тәуекел Мүсілім, Темірлан Асылбек, Сая Оразғалиева, Әсел Ақбарова, Наталья Наумова, Мұрат Бисенбин ойнады.

Сценарийді жазған Вадим Комиссарук бастаған топ. Олар ресейлік «Кухня», «Анжелика» және «Сваты» фильмдерімен жұмыс істеген.

«Всё из-за мужиков» шытырман оқиғалы комедиясы үлкен экранға 2 наурызда шығады. Әзірге фильмнің трейлерін көруді ұсынамыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер