È

«Welcome to Zhetysu» шытырман оқиғалы фильмнің трейлері

«Welcome to Zhetysu» шытырман оқиғалы фильмнің трейлері

Желіге «Welcome to Zhetysu» отандық фильмінің трейлері жарияланды. Картинаны Талдықорғандық режиссер Ерлан Ошақпаев түсірген («О, Лейла», 2016).

«Welcome to Zhetysu» фильмінің кейіпкерлері – туған өлке туралы үздік бейнеролик байқауына қатысып жүрген креативті жастар тобы. Кенже, Дәулет және Эля Жетісу сұлулығын таспаға түсіру үшін саяхатқа аттанады. Алайда, алыс жол балалар үшін сынаққа толы болады.

Роуд-мувиге Салтанат Құдайбергенова, Олжас Қасым, Елдар Тәшкенбай, Қуаныш Құдайберген, Райым Бекет, Рамис Құлахметов және Марат Әлібаев сынды жас актерлар түсті.

«Welcome to Zhetysu» фильмінен көрініс

«Welcome to Zhetysu» 2017 жылдың күзінде Алматы облысында түсірілді. Түсірілімге екінші режиссер Әділбек Әбілов, қоюшы-оператор Сардар Баймолдин және дыбыс режиссері Дмитрий Шевчук атсалысты. Кинотаспа музыкасын әнші, композитор Ерболат Құдайбергенов жазды.

Алдыңғы жолы авторлар шытырман оқиғалы фильмнің биылғы ақпанда жарыққа шығатынын хабарлаған болатын.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

5 февраля 2018, 20:39

Ух ты!

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер