Асқар Ұзабаевтың «Батырлар жолы» хикаясының трейлері
Желіде «Батырлар жолы» тарихи хикаясының трейлері пайда болды. Көпсериялы драманы «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Асқар Ұзабаев түсірген.
«Батырлар жолындағы» оқиға XVII ғасырда, Қазақ хандығындағы өзара тартыс кезеңінде болған. Ішкі талас-тартысты пайдаланып, қазақ көшпенділеріне ойраттар мен қалмақтар шабуыл жасайды. Батырлар отанын қорғауға шығып, күштің бірлікте екенін дәлелдейді. Хикаяның негізгі кейіпкерлері Қарасай батыр және достары Ағынтай мен Таймас болды.
Телефильм кейіпкерлерін Назар Сұлтанбаев, Әшім Ахметов, Жандос Айбасов, Мөлдір Мекенбаева, Алдабек Шалбаев және Дулыға Ақмолда сомдады.
«Батырлар жолы» картинасы былтырғы жазда түсірілген. Қоюшы-операторы - Еркінбек Пітірәлиев, атқарушы продюсері - Ринат Сафаров. Трюктер мен шайқас қойылымдарына Жайдарбек Күнгүжінов жетекшілік етті.
Қазақ батырлары туралы хикаяның шығу күні әзірге белгісіз.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін