«Незваный» сериалының трейлері
«Незваный» деп аталатын алғашқы қазақстандық интерактивті фильмнің трейлері шықты. Картинаны түсірген режиссер Даир Қаракеев. Фильмнің өндірісімен DigiDoc Production компаниясы айналысты.
«Незваный» сериалы - триллер жанрында түсірілген көпсериялы жоба. Сюжет бойынша Карина есімді қыз өзінің туған күнінде із-түссіз жоғалып кетеді. Оның ағасы мен достары қызды іздеуге шығады. Күн сайын кейіпкерлер құпияны шешуге жақындай түседі, бірақ олар осы жода көп құрбандыққа барады, тіпті өз өмірлерін де құрбан етеді.
Көрсетілім кезінде фильмнің кейіпкерлері үшін таңдау мүмкіндігі беріледі, осылайша оқиғаны желісі өзгереді. Осындай ерекше идеялы жоба Даир Қаракеев пен Роман Черниковқа тиесілі.
Авторлардың айтуынша, фильм бес эпизодтан тұрады, әрқайсысында 8 әрекет болуы мүмкін. қазір жобаның алғашқы нұсқасы дайын. Жақында команда түсірілім барысын жалғастырады.
Картинада көрермен таныс актерлерді көре алады: Марат Әбішев, Дарья Александрова, Карина Хурамшин, Роман Черников, Тұрар Давильбекова, Кирилл Мейстер және басқалар.
Картинамен жұмыс істеген қоюшы-оператор Сергей Поляков, қоюшы-режиссер Әлия Одинаева және дыбыс операторы Ислам Масимов.
«Незваный» сериалы 2017 жылдың жазында шығады деп жоспарлануда.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін