È

Төлеген Байтүкенов: «Шала қазақ» - бұл барлық артықшылықтарымен және кемшіліктерімен 100% менің балам»

Төлеген Байтүкенов: «Шала қазақ» - бұл барлық артықшылықтарымен және кемшіліктерімен 100% менің балам». Қазақстан киносы

2017 жылды дебютті жыл десе де болады. Үлкен киноға бағытталған алғашқы қадамды «Аға ма әлде неке ме?», «Шатырдағы бұлт», «Бөлінбейтін», «Бойжеткен» және «Инстаграмшыл қыз» картиналарының авторлары жасаған еді. Солардың арасында «Шала қазақ» фильмі де бар, бұл сценарист, киносыншы әрі журналист Төлеген Байтүкеновтың режиссерлік дебюті.

«Шала қазақ» - шалғайдағы бір ауылда тұратын учаскелік полицей Саташ Дәукенбаев туралы хикая. Бір күні ауылға бұзақы топ келеді де, оның қаламен байланысын тоқтатып тастайды. Кейіпкер бұзақыларға жалғыз өзі қарсы шығуға мәжбүр болады.

«Жанр бойынша біздің фильм - вестерн. Аталмыш жанр отандық экранға бұрынна сұранып тұрған, себебі даламен, аттармен бізде мәселе жоқ. АҚШ-тан бастау алған вестерн өз отанында қоғам өзгерістерін айқын бейнелеген. Мен вестерн бағытын өзіміздің елге алып келуді бұрыннан армандап жүрдім. Бұл жобаға 2016 жылдың көктемінде кірісіп кеттік. Содан бері сценарий бірнеше рет өзгерді. Соңғы нұсқасы жарты жыл бұрын Андрей Тен және Инна Мукочидің көмегімен жазылды»,-дейді жоба туралы Төлеген Байтүкенов.

Түсірілім тобын продюсерлер Шынар Бөрібаева және Әділ Қожабергенов қадағалады, ал актерлар таңдаумен кастинг-директор Назира Қалиева айналысты. Кастинг екі айға жуық уақытқа созылды. Нәтижесінде учаскеліктің Саташтың рөлін театр актер Ақылхан Алмасов сомдады. Саташтың жары Айнаны Дина Тасболатова ойнады. Экрандағы басты қарсыластарды Ержан Нүсіпақынов және Шыңғыс Қапин сомдаған.

Фильм түсірілімі Қапшағайдан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Бригадир ауылында өтті. Түсірілім уақыты 21 күнге созылған.

«Супер Бахада» толыққанды қосалқы режиссер болдым дей алмаймын, өйткені ол кезде аз білетінмін, амбициям көп болғанымен, картинаға аз уақыт бөлдім. Ал жаңа таспада мүлдем бөлек: «Шала қазақ» - бұл барлық артықшылықтарымен және кемшіліктерімен 100% менің балам». Әрине, түсірілімде ұйымдастыру мен шығармашылық жағынан біраз қиындықтар болды. Бірде кадр кезінде техника істемей қалады, бірде жергілікті тұрғындар келісімді бұзып отырды, енді бірде жаңбыр жауып, жел соқты. Дегенмен, бұлардың барлығы әдеттегі дүниелер ғой, түсірілім сәтті аяқталса, демек барлығы жақсы болды деген сөз»,-деп қосты режиссер.

Қазақстандық вестерннің үлкен экранға қашан жол тартатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, Байтүкенов «Шала қазақтың» көрермендерге тезірек ұсынылуы үшін барлық жағдайды жасайтынын айтты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер