È

Түрік кинематографтары «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп жоба дайындауға қызығушылық танытып отыр

Түрік кинематографтары «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп жоба дайындауға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан киносы

Алматыға «Eskimez Film Production» кинокомпаниясының негізін қалаушы, түрік режиссері әрі сценарист Камиль Коч және «Қожа Ахмет Яссауи білім және парасат» қорының президенті Ахмет Якши келді. Сапардың басты мақсаты – Қазақстан кинематографиясымен жақынырақ танысу. Сондықтан, шетелдік қонақтар ең алдымен «Қазақфильм» киностудиясына бас сұқты.

Қонақтарды киностудия президенті Бақыт Қайырбеков қарсы алып, кішігірім экскурсия жүргізді. Таныстыру барысында Камиль Коч қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта Қожа Ахмет Яссауи жайлы толықметражды таспаны бірігіп түсіру туралы ұсыныс тастады. Ол сондай-ақ, түркі тілдес халықтардың фильмдерін қаржыландыратын қор ашуды жоспарлап жүргенін мәлімдеді.

Ал Бақыт Қайырбеков өз кезегінде сенім білдіргені үшін алғысын жаудырып, «Қазақфильмнің» әрқашан серіктестікке дайын екендігін атап өтті. Оның айтуынша, киностудияның маңызды ерекшеліктерінің бірі – шетелдік студиялармен бірігіп, түрлі жобалар жасау.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жолдары қазақ-түрік жобаларының бірі «Астана - менің махаббатым» хикаясы болатын.

 

Фото: inform.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер