È

Кино және телевидение саласында «KinostArt» жаңа жүлдесі бекітілді

Кино және телевидение саласында «KinostArt» жаңа жүлдесі бекітілді

19 сәуір күні «KinostArt» алғашқы жүлдесінің табысталу салтанаты өтеді. Оған үздік студенттердің фильмдері мен телевизиялық жобалары ие болады. Жаңа жүлде ҚазҰӨУ кинотанушыларының бастамасымен vosmerka.kz сайтының және Қазақстан киносыншылар Қауымдастығының қолдауымен өтеді.

«KinostArt» жүлдесі ерекше айтар ойы мен жеке қағидасы бар авторлардың жұмысын марапаттау үшін бекітілген. Байқаудың тағы бір мақсаты – кино және телевидение шеберлерінің өткен жылғы қорытындысын шығару. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шара шетелге жолдама ала алатын жобаларды анықтауға мүмкіндік береді.

Байқауға 40 шақты жұмыстар қатыспақ. Олар мынадай номинациялар бойынша анықталады: «Үздік деректі фильм», «Үздік ойын фильмі», «Үздік телевизиялық жоба», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік режиссура», «Үздік сценарий», «Киносыншылар саласындағы үздік студентік жұмыс».

Үздік жобалар мен авторларды ҚазҰӨА кинотанушылары Инна Смаилова, Назира Мукушева және Минуара Айдарова, сондай-ақ, үздік студенттер: Александра Поршнева, Әйгерім Абылханова, Диана Исенова, Әнель Оспанова және т.б. анықтайтын болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса