È

Кішкентай Томиристің рөліне актрисалар бекітілді

Кішкентай Томиристің рөліне актрисалар бекітілді

Ақан Сатаев аттас тарихи таспада кішкентай Томиристің рөлін сомдайтын актрисалардың есімдерін жариялады. Жас актрисалар арасындағы кастинг осы жылдың ақпан айында жарияланған болатын.

Таспаны түсірушілердің айтуынша, 10 жастағы Томиристің рөліне электрондық пошта арқылы 15 мың өтініш келіп түскен. Нәтижесінде, Лия Фоминаны бекітті, бұл оның киноға алғашқы түсуі емес. Бұдан бұрын ол «Батыр» фильміне түскен болатын.

15 жастағы Томиристі Nazar тобының солисті Салтанат Серкебаева сомдайды. Бойжеткен іріктеудің алғашқы кезеңінен мамыр айында өткен. Ол осы уақыт аралығында рөлге дайындық үстінде болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Томирис» кинотаспасы аңызға сәйкес, парсы патшасы Кирдің басын алған жауынгер сақ патшайымы туралы баяндайды.

Басты рөлге Альмира Тұрсын бекітілген.

Қазіргі уақытта фильм түсірілімі «Қазақфильм» ғимаратында өтуде.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 наурыз 2018, 01:51

Думаю, что на эту роль утвердив Альмиру Турсын. Он не хотел снова оказаться в центре событии. Например как, сложный сюжет, актрисы отечественного плана. Большой бюджет, но не реальный фильм. В который трудно представить образ и войти в роль. Ощутив на себе эмоции разного характера. Я еще очень сильно ощущаю по сей день, слабым фильм. Только название дает мне надежду, каким бы не был фильм, чтобы он хоть оставался еще эпичным. Тот сложный язык, который на нем говорят, думаю, это еще один трюк для политического характера. Как тюркоязычные племена и тому подобные. Буду судить строго, даже после выхода еще сильно. А пока буду следить за событием.

Серик Есмуратов

26 наурыз 2018, 13:24

На роль 10 летней Томирис я бы предложил Данелию Тулешову Она очень артистичная и обворожительная девочка, которая притягивает к себе внимание. Думаю она бы справилась бы с этой ролью. Подумайте над моим предложением.

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист