Алматыда фильмдердің қайырымдылық көрсетілімдері өтеді

Алматыда отандық актерлардың қатысуымен фильмдердің қайырымдылық көрсетілімдері өтеді. Кинотаспалар көрсетілімі 3-4 сәуір аралығында қалалық балалар мен Ардагерлер үйлерінде болады.
3 сәуір күні сағат 16:00-де «SOS Алматы балалар ауылында» «Жеңіс семсері» картинасы көрсетіледі. Фильм көне семсерді тауып алған мектеп оқушысы Айтуар жайлы әңгімелейді. Семсермен бірге біздің әлемімізге бұрынғының батыры және зұлым бақсы келеді. Балақай өзін және жақындарын қорғауға тырысады. Көрсетілімге актер Әзиз Бейшеналиев арнайы келмек.
Дәл осы күні сағат 18:00-де №1 Балалар үйінде «Фара» фильмі көрсетіледі. Басты кейіпкер – өлтірілген миллионердің ұлы, ақкөңіл томпақ Фара. Бір мафия есепшоттың кодын білуге талпынады, бірақ ол код тек Фараға ғана мәлім. Еркектің өміріне қауіп төніп тұр. Кеш қонағы Фархат Әбдірайымов болмақ.

4 сәуірде сағат 11:00-де Ардагерлер үйінде «Шал» кинотаспасының көрсетілімі өтеді. Бұл - жабайы табиғаттың тұзағына түсіп қалған шат туралы хикая. Картинаны басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов таныстырады.

Сол күні сағат 17:00-де «Жанұя» балалар үйінде «Жеңіс семсері» таспасы көрсетіледі. Қонақ ретінде қайтадан Әзиз Бейшеналиев келеді.
Қайырымдылық шарасының ұйымдастырушылары - Қазақстан Кинематографистер одағы және «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен, «H-Point» ЖШС және Алматы қаласының әкімдігі. Фильмдер көрсетілімі Наурыз мейрамына орай өткізіліп жатыр.
.jpg)







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Maxim Bogomolov
3 апреля 2018, 22:09Классно!