È

Алматыда «Ессіз әйелдің күнделігі» комедиясының түсірілімі басталды

Алматыда «Ессіз әйелдің күнделігі» комедиясының түсірілімі басталды

Танымал вайнер Нұрлан Батыров «Ессіз әйелдің күнделігі» фильмінің түсіріліміне кірісіп кетті. Комедиялық таспа Батыровтың «Проявление» хоррорынан кейінгі екінші киножұмысы болмақ.

«Ессіз әйелдің күнделігі» Желідегі танымал кейіпкер – Ессіз Әйел жайлы баяндайды. Көрермендер оның кім екенін, қалай өмір сүретінін толығырақ білетін болады. Басты кейіпкерді Нұрлан Батыров сомдайды. Сондай-ақ, картинаға Ирина Ажмұхамедова, Ерден Телемісов, Біржан Әшім және Айжан Байзақова түсті.

Режиссерлік орынға Еділ Амандықов ие болды. Бұл - оның кинодағы дебюті. Жас қоюшыға Нұрлан Батыров пен Шәріп Серік көмектеседі. Фильмнің бас продюсері - Алмагүл Тілеуханова.

Сценарийін Батыров Кәрім Қадырбаевпен бірге жазған.

Комедия түсірілімі Алматыда өтті. Өндірісімен Alma pictures және Batyroff production айналысуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса