Алматыда «Нұртас Оңдасынов» деректі фильмі таныстырылды
Алматылық көрерменге алғаш рет «Нұртас Оңдасынов» деректі фильмі таныстырылды. Кинотаспа Қазақ ССР-нің мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасынов туралы. Картинаның тұсаукесері «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтті.
Фильм Гүлсім Оразалиеваның «Нұртас Оңдасынов» атты авторлық туындысының негізінде түсірілген. Картинада Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақ ССР-ін басқарған кеңес заманының саясаткері мен қоғам қайраткерінің қызметі мен өмірі баяндалады. Негізінде, осы Нұртас Дәндібайұлы кезінде «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудияларын Қазақстанға көшіруді ұсынған. Осы арқылы қазақ ұлттық кинематографиясының негізін қалаған. Сондай-ақ, ол Алматыда Қыздар Педагогикалық институтының, Ұлттық консерваторияның және Физикалық мәдениетінің ашылуына түрткі болды.
Нұртас Оңдасынов
Картина - кардиохирург Юрий Пя туралы баяндайтын «Спасая сердца» фильмімен жұмыс істеген режиссер Оңдасын Тастановтың жұмысы.
«Нұртас Оңдасынов» деректі фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» және «Алматыфильм» киностудияларының негізінде түсірілген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін