È

Алматыда «Тағы да сүй» хикаясының түсірілімі өтіп жатыр

Алматыда «Тағы да сүй» хикаясының түсірілімі өтіп жатыр

Taspa Films студиясы кәсіпкердің ұлы мен жетім қыздың арасындағы махаббатты баяндайтын «Тағы да сүй» хикаясын түсіріп жатыр. Көпбөлімді мелодрама Алматыда «Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілуде.

«Тағы да сүй» хикаясының кейіпкерлері – жас жігіт Аян және бойжеткен Асыл. Аян – үлкен кәсіпкер әрі «Мирас» жарнама агенттігі иесінің ұлы. Асыл – жетім қыз, оны туған әжесі тәрбиелеп, өсірген. Жастар бір-бірімен кездесіп, ғашық болады да, кейін отбасын құру жайлы ойлай бастайды. Алайда, жігіттің әкесі жетімді келін ретінде көрмей, қарсылық танытады. Жағдай шиеленісіп, Асыл кетіп қалады. Аян күйзеліске түсіп, шетелге кетуді ұйғарады. Екі жылдан соң ол үйіне оралады. Ол өмірінің жаңадан бастап, бақытты бола ала ма?

Қызықты хикаяның кейіпкерлерін келесі актерлар сомдайды: Шалқар Құдайберген – Аян рөлі, Адина Бажан - Асыл және Әділжан Шомбалов – Аянның әкесі. Сонымен қатар, хикаяға Нұрсәуле Әубәкірова, Айзада Сатыбалдиева, Зарина Омарова және Томирис Жанғазинова түсуде.

Картина қойылымымен режиссер Асқат Мұсабай («Қария» хикаясы), екінші режиссер - Евгения Зубкова және қоюшы-оператор - Қазбек Әмержанов айналысып жатыр. Жоба продюсері - Айнұр Бабаева.

«Тағы да сүй» хикаясы телеэкранға алдағы күзде шығады деп жоспарланып отыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса