È

Алматы Ермек Тұрсыновтың қатысуымен кинокеш өтеді

Алматы Ермек Тұрсыновтың қатысуымен кинокеш өтеді

22 ақпанда Ермек Тұрсыновтың («Жат», «Шал», «Кенже») қатысуымен кинокеш өтеді. Кеш қонақтарының назарына режиссер Болотбек Шәмшиевтің «Выстрел на перевале Караш» фильмі ұсынылады. Көрсетілімнен кейін қонақтар Ермек Тұрсыновпен бірге фильмді талқылап, ойларымен бөлісе алады. Іс-шара ұйымдастырушылары - Ермек Тұрсыновтың киноклубы, «Лектория» білім алаңы мен ҚР Ұлттық кітапханасы.

Драма жанрына түсірілген «Выстрел на перевале Караш» фильмі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасының» желісіне негізделген. Картинадаға оқиға XX ғасырдың соңындағы қырғыз ауылдарының бірінде болған. Бақтығұл атты кедей адам Жарасбай деген байға адал қызмет етеді, бірақ ол өзін байдың қандай пиғылда пайдаланып жүргенін білген жоқ. Байдың кесірінен Бақтығұл күндердің күнінде түрмеге жабылады. Тұла бойын кернеген ыза-кек оған маза бермейді. Ол түрмеден қашып шығып, өзінің туған өлкесіне оралады, оның ойы өзіне опасыздық жасаған адамнан кек алу.

Картина - кеңес режиссеры әрі сценаристі Болотбек Шәмшиевтің («Белый пароход»)1968 жылы түсірілген жұмысы. Лента 1970 жылы Минскіде өткен IV Бүкілодақтық кинофестивальда Екінші дәрежелі жүлдеге ие болған.

Ранее Бұған дейін Ермек Кәрімжанұлы өзі үздік деп санайтын жүз фильмнің тізімін жариялаған болатын, олардың арасында «Выстрел на перевале Караш» 39-орында.

Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді. Кіру тегін.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер