È

Алматыда продюсер Алан Хоффманистың шеберлік сабағы өтеді

Алматыда продюсер Алан Хоффманистың шеберлік сабағы өтеді

23 қазан күні Алматыда американдық продюсер, сценарист әрі актер Алан Хоффманистың шеберлік сабағы өтеді. Шетелдік кинематографшымен кездесу Tums Film Festival кинофестивалі аясында «Тұран» университетінде болады.

Алан Хоффманис – американдық кинематографшы, Угандада орналасқан «Вакаливуд» кинокомпаниясының өкілі. Tums Film Festival аз бюджетті кинофестивалінде «Бэд Блэк» атыс-шабыс фильмі ұсылымақ, оның сценарий авторы әрі продюсері Хоффманис болды. Оның айтуынша, картина түсіріліміне 5 жылдай уақыт кеткен, сондай-ақ 65 доллар ғана қаржы жұмсалған. Аталмыш таспа көрсетілетін тоғыз елдің қатарына Қазақстан да енген.

Қонағымыз кездесу барысында Уганда киноөндірісінің ерекшеліктеріне тоқталып, өзінің аздаған қаржыға фильм түсіру тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік сабағы 23 қазан күні «Тұран» университетінің Turan Art галереясында сағат 14:00-де басталады. Кіру тегін. Ұйымдастырушылар сілтеме (http://goo.gl/ca3etP) бойынша алдын-ала тіркелуді сұрайды.

Еске салсақ, Tums Film Festival 20 қазанда басталады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер