È

Алматыда екінші Go Viral инновациялық идеялар фестивалі өтеді

Алматыда екінші Go Viral инновациялық идеялар фестивалі өтеді

15 маусымда Алматыда екінші Go Viral инновациялық идеялар фестивалі басталады. Үш күндік шара SmArt.Point кеңістігінде медиа, кәсіп, мәдениет пен технология салаларындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен өтеді. Шараның бастамашысы – Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық уәкілдігі.

Go Viral-2018 «Interlased: Бізді байланыстыратын инновация, өзара әрекет және шабыттану желісі» ұранымен өтеді. Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея және т.б. 15 елден келген 80 спикер өз идеяларымен және тәжірибелерімен бөліседі. 1500 мыңнан астам қатысушы күтілуде, олардың арасында Әзербайжан, Грузия, Түркменстан және Франциядан келген қонақтар да бар.

Шақырылған мамандардың тізімінен тәжік режиссер Аниса Сабириді көруге болады. Ол аудиторияның алдында сөз сөйлеп қана қоймай, Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде ержеткен бала туралы баяндайтын «Танбурдың көз жасы» атты жаңа қысқаметражды фильмін таныстырады.

«Биылғы жылы мәдениет бөлімінде спикерлердің көптігінен бөлек, Қазақстанның, Орта Азия мен АҚШ-тың заманауи музыкасы ұсынылады. Қонақтарды документалистика мен кинематограф саласындағы воркшоптар, шеберлік сағаттары күтеді. Біздің спикерлер – өз елдеріндегі, кейбірі тіпті, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар. Спикерлер танымалдылығына байланысты емес, Қазақстанға берер пайдасы мен қажеттілігіне қарай таңдалды. Солардың бірі Лара Столман, Американың үздік кинодерекшісі. Ол инклюзия мәселесіне арналған «Swim Team» атты өте маңызды картинаны көрсетеді. Go viral көрермендері Орта Азияда аталмыш фильмді ең бірінші болып тамашалайтын болады», - деді «Мәдениет» бөлімінің кураторы Тимур Нүсімбеков.

Фестиваль мен 68-ші Берлин кинофестивалінің қатысушыларына продюсер Тимур Бекмамбетовтың Bazelevs кинокомпаниясы түсірген «Профиль» триллері көрсетіледі. Картина «Көрермендер көзайымы» жүлдесін жеңіп алған.

Мәдениет бағытында National Geographic фотожурналисті Джон Стенмайер, ресейлік жазушы Ольга Брейнингер, Стивен Спилбергтің «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмінің концепт-суретшісі Джама Джурабаев және CNN журналисті әрі дерекші-режиссер Саймон Островский өз салаларының жаңалықтары туралы баяндап береді.

Сонымен қатар, алаңда қазақстандық City&Shivers инди-рок-тобы, Electric Child электронды музыкалық тобы және DJ Arys Arenov өнер көрсетеді.

Фестивальге 8 маусымға дейін www.goviral.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер