È

Алматыда ҚР флорасы мен фаунасы жайлы баяндайтын деректі картиналардың көрсетілімдері өтеді

Алматыда ҚР флорасы мен фаунасы жайлы баяндайтын деректі картиналардың көрсетілімдері өтеді

ҚР ұлттық кітапханасында отандық кинематография мэтрларының «Қазақфильм» студиясында түсірген Қазақстанның табиғаты жайлы баяндайтын деректі картиналардың көрсетілімдері өтеді.

Көрермен назарына «Қазақстан табиғаты: Хангүлдің ізімен», «Ерекше жер. Qyzylorda», «Қазақстан табиғаты: Қызғалдақтар отанында», «Қазақстан табиғаты: «Алатау», «Қазақстанның түркі халқы» топтамасынан «Түтікшедегі от» фильмдері ұсынылады.

«Қазақстан табиғаты: Хангүлдің ізімен» таспасының сюжеті шөлді және шөлейт жерлерді мекендейтін Хангүл бұғысы жайлы баяндайды. Көрермендер сирек кездесетін жануармен, оның өмір сүру салтымен таныса алаады.

Александр Каменский режиссерлік еткен «Ерекше жер. Qyzylorda» Байқоңыр ғарыш айлағының құрылуын баяндайды. Көрермендер жас астрофизиктің көзімен ғарыш айлағының өткенін, қазіргісін және болашағын көреді.

Режиссер Олег Беляловтың «Қазақстан табиғаты: Қызғалдақтар отанында» картинасы бүкіл әлемге танымал болған гүл, қызғалдақ туралы, оның пайда болуы жайлы баяндайды.

Режиссер Олег Беляловтың «Қазақстан табиғаты: «Алатау» атты кезекті таспасы «Алатау – Жетісудың кәделік жауһары» тақырыбына арналған.

Бақыт Қайырбековтың «Қазақстанның түркі халқы» топтамасынан шыққан «Түтікшедегі от» таспасы барлық түркі халықтарын байланыстыратын тарих, мәдениет пен тіл жайлы баяндайды.

Деректі таспалардың таныстырылымы 10-14 желтоқсан аралығында күн сайын ҚР ұлттық кітапханасында өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер