È

Алматыда «Арман картасы» фильмі түсіріліп жатыр

Алматыда «Арман картасы» фильмі түсіріліп жатыр

Алматыда «Арман картасы» отандық фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Өндірісімен «Ілмек» картинасы арқылы таныс режиссер Мирас Төлеуханов айналысуда. Қоюшы-операторы - Пелагея Евдокимова, қоюшы-суретшісі - Әлижан Байтелиев және екінші режиссері - Күнжана Орманбетова. Жобаның желілік продюсері - Динара Шүрен.

«Арман картасы» таспасындағы оқиға олигархтың алаңсыз өмір сүріп жүрген ұлының айналасында өрбиді. Жағдайға байланысты ол қабырғасында арман картасы ілініп тұрған бір қызбен танысады. Сол кезде жігіт өзінің ешқашан армандап көрмегенін түсінеді. Содан бастап ең қызықты хикая басталады.

Толықметражды картинадағы рөлдердің бірі әнші Луинаға (шын аты Луиза Каринбаева – Ред.) бұйырды. Ол өз-өзіне сенімді, бай ханымды сомдайды, оны басты кейіпкер инвестор ретінде қарастырады.

Одан басқа, әншіні «Тек ағаларсыз» инста-хикаясынан көруге болады, ол жақта Луина феминист қызды сомдайды. Бұл хикаяның да авторы – Мирас Төлеуханов. Ол кіші көлемді хикая желісімен толық метр түсіруді жоспарлап жүр.

«Арман картасы» фильмінің сценарийі екі жыл бұрын жазылған, бірақ идеяны жүзеге асыруға қаражат краудфандинг арқылы енді ғана табылды. 2000 теңгелік қолдау арқылы адамдар ұтыс купонына ие болады, ал ұтыс тұсаукесер күні өткізіледі. Бірінші орын – екі адамға арналған круиздік саяхат, екіншісі - Macbook PRO, үшінші орын - Iphone X. Ал бас жүлде Toyota 70 автокөлігі болып табылады. Сондай-ақ, купон иелері картина көрсетіліміне бара алады.

Еске салсақ, таспаны қолдау мақсатында «Демеуші іздеймін» реалити-шоуы шыққан болатын, ал Астана мен Алматыда фильмдегі рөлдерге квест түріндегі кастинг өткізілді.

Жастар драмасы қараша айының ортасында шығады деп жоспарлануда.

 

Арайлым Танкаева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса