È

Алматыда VII «Бастау» ХКФ басталды

Алматыда VII «Бастау» ХКФ басталды

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында студентік картиналар мен киномектептердің VII Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің ашылуы болып өтті.

Фестиваль президенті Сергей Әзімов кинофестиваль ұйымдастыруға атсалысқан серіктестеріне, әріптестері мен достарына алғысын білдірді.

Сондай-ақ, театр сахнасына халықаралық қазылар алқасының мүшелері шақырылды, олар шара аяқталған соң үздік жұмыстарды анықтайтын болады. Коллегия құрамына Грузия режиссері Ираклий Квирикадзе, ресейлік актриса Эльвира Болгова, отандық қоюшы Сәбит Құрманбеков, монтаж режиссері Сильван Кутандин, қырғыз режиссері Темірбек Бірназаров енді.

Қазылар алқасын басқаратын Ираклий Квиракадзенің айтуынша, оларға Алматы қаласы қатты ұнаған және картина көрсетілімдерін асыға күтеді. Сондай-ақ, ол фестивальдің құрылуы мен дамытуын үлкен ерлікке балады.

Биыл «Бастау» кинофестивалінің іріктеу комиссиясының мүшелері отандық режиссерлар Әділхан Ержанов және Азат Хәкімов, кинотанушылар Инна Смаилова және Баубек Нөгербек болды. Байқауға келіп түскен 320 өтініштен 47 жұмыс енді. Фильмдер Қазақстанды қосқанда, 22 мемлекеттен жіберілген.

«Ұлттық кинематографтың болашағын біз жас кинематографшылардың жаңа ұрпағымен байланыстырамыз және олар жыл өткен сайын осыны жаңа әрі жарқын жұмыстары арқылы растап келеді. Биыл жетінші рет өтіп жатқан біздің жас фестиваліміз студентік кино мен кинобілімдегі өзекті мәселелерге қатысты пікірлердің алмасуына арналған нағыз кәсіби алаңға айналды», - деді Сергей Әзімов.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 8 қарашасында белгілі болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер