Алматыда «Сыншылар таңдауы 2018» киномарафоны өтеді
Алматыда «Сыншылар таңдауы 2018» отандық кино марафоны өтеді. Бір жарым ай бойы көрермендерге 2017 жылы түсірілген фильмдер көрсетіледі. Көрсетілімді Қазақстан Киносыншылары қауымдастығы өткізеді.
Фестивальді Нариман Төребаевтың «Ластанған үлкен шаһар» картинасы ашады. Сюжетте қайғылы жағдайды бастан кешкен ер азамат бейнеленеді, оның сүйіктісін бір көлік қағып, өлтіріп кетеді, ал көлік тізгінінде министрдің ұлы отырған еді. Кейін кінәлі адамды жауапкершіліктен арылтады, бірақ кейіпкер қалмыскерді өзінше жазалағысы келеді.

«Ластанған үлкен шаһар» фильмінен көрініс
Фильм көрсетілімі 3 ақпан күні қалалық «Кино» дәмханасында болады. Басталуы сағат 18:00-де.
Айта кету керек, киномарафон қазақстандық режиссерлардың жұмысын бағалап, «Сыншылар таңдауы» киножүлдесі лауреаттарын анықтау мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Фильмдер «Кино» дәмханасында жұма, сенбі күндері көрсетіледі. Кіру тегін.







2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Тимур Сердалин
3 февраля 2018, 16:37А короткие метры участвуют?
Альфия Батталова
19 наурыз 2018, 23:58Очень интересное событие! И интересно оно тем, что такими фестивалями зрителя привлекают к отечественным фильмам, которые становятся всё более качественными и интересными широкому зрителю. Я обязательно приду на открытие этого фестиваля в киноцентр "Арман" в качестве тележурналиста и зрителя который хочет поддержать отечественного производителя! alfiya.battalova