È

Алматыда Орталық Азия деректі кино байқауы басталады

Алматыда Орталық Азия деректі кино байқауы басталады

Алматыда 6-12 желтоқсан аралығында «Арман» киноорталығында алғаш рет Орталық Азия деректі кино байқауы өтеді, ұйымдастырушылары Борис Байков пен продюсер Наргиз Шүкенова болды.

Байқаудың мақсаты – қоғамдағы қатал шындықтың бетіп ашып, ауқымды аудиторияға өмірлік маңызы бар тақырыптарды қозғайтын деректі картиналарды көрсету.

«Неге дәл деректі кино? Біздің ойымызша, бұл шығармашылықтың ерекше формасы, бұл сұрақтардың жауабын тауып, болып жатқан жағдайларға тоқталып, әрекет етуге көмектеседі», - деді Наргиз Шүкенова.

Биыл 60-қа жуық картина келіп түсті, оның ішінде 24-і байқаудың негізгі бағдарламасына іріктелініп алынды. Қатысушылардың жұмыстары экология, адам құқығы, тәуелсіздік, депортация, сәйкестік тақырыптарын қозғайды.

«Түрксіб» фильмінен көрініс
«Түрксіб» фильмінен көрініс

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: Гран-при, қазылар алқасының арнайы жүлдесі, «Үздік деректі фильм», «Үздік деректі қысқаметражды фильм», «Үздік режиссура», «Қоюшы-оператордың үздік жұмысы». Әр лауреат ақшалай сыйлыққа ие болады.

Төрағасы Изабель Аррате Фернандез болып келетін қазылар алқасының құрамына грузиндік режиссер Тинатин Гурчиани, Оксфорд университетінің профессоры Рико Айзекс енді.

Байқаудың ашылу фильмі Қазақстан аумағында түсірілген алғашқы деректі картина - «Түрксіб» таспасы болмақ.

Сонымен қатар, кинофестиваль аясында ресейлік режиссер Максим Поздоровкиннің «Астана» және The story of panty мен Where the Wind Blew толықметражды картиналарының арнайы көрсетілімдері өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер