È

Алматыда алғашқы Орталық Азия деректі кинофорумы басталады

Алматыда алғашқы Орталық Азия деректі кинофорумы басталады

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультеті биыл ширек ғасырлық мерейтойын тойлайды. Осыған орай, Алматыда 5-7 желтоқсан аралығында алғашқы Орталық Азия деректі кинофорумы өтеді, шараны дерекші-режиссер ҚазҰӨА доценті Әсия Байғожина ұйымдастыруда.

Форум бағдарламасына КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты режиссер Шухрат Махмудов, өзбек кинотанушысы Разика Мергенбаева, НЕТПАК және ФИПРЕССИ қазылар алқасының мүшесі Гүлбара Толомушова, «Дидор» ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, тәжік режиссері әрі продюсері Орзумурод Шарипов, Қырғызстанның жетекші дерекшісі Жанышбек Дадабаев, Қазақстанның дерекшісі Владимир Тюлькин, режиссерлар Әнуар Райбаев, Евгений Лумпов, кинотанушы Александра Лумпова қатысады.

Форумда тарих пен бүгінгіні байланыстыратын заманауи Азияның жаңа қырларын паш ететін картиналар таныстырылады.

Ұйымдастырушылар дерекшілердің жұмыстарының ұраны Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Тарихымыздың көпқырлылығы мен көп өлшемділігін ұғынып, қабылдау» болатынын айта кетті.

Форумның бірінші күні - өзбек, екіншісі – қырғыз, үшіншісі қазақ кинематографиясына арналған. Сонымен қатар, аймақтардағы соңғы екі жылда түсірілген көркемсуретті емес таспалардың көрсетілімі өтіп, талқыланады және «Орталық Азиядағы көркемсуретті емес заманауи кино: тақырыптар, кейіпкерлер, мәселелер, даму тенденциялары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді.

Одан бөлек, шара барысында өзбек режиссері Баходыр Юлдашевтың «Улугбек. Дүниежүзін құпияларын ашқан адам» таспасының тұсаукесерлі көрсетілімі өтеді. Оны алматылық көрермендерге Ислам Кәрімов атындағы қоғамдық қорының өкілдері Умид Азизов пен Бекзод Саъдуллаев таныстырады.

Айта кетсек, «Улугбек. Дүниежүзін құпияларын ашқан адам» 74-ші Венеция кинофестивалінде «2017 жылдың үздік шетелдік деректі фильм» ретінде марапатталған. Картинаға Венсан Кассель мен Арманд Ассанте түсті.

Форум жабылатын күні отандық картина көрсетіледі, ұйымдастырушылар режиссердің аты мен фильм атауын әзірге құпия ұстап отыр.

Шараның салтанатты ашылуы биылғы жылдың 5 желтоқсанында Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер