Алматыда жапон киносының апталығы аяқталды
Алматыдағы Жапон киносының апталығы да өз мәресіне жетті. Бірнеше күн бойы «Цезарь» кинотеатрында жапон режиссерлері Такеши Китано, Сэйдзиро Кояма, Масаюки Суо және Хаяо Миядзакидің үздік фильмдері көрсетілген болатын. Мәдени іс-шара «Жапон күзі» фествалінің аясында Олег Борецкийдің жетекшілігімен өтті. Ұйымдастырушысы «Дегдар» гуманитарлық қоры және JTI компаниясы.
«Барлық фильмдер киноклуб жетекшілігімен іріктелді. Ұйымдастырушылардың өтінішімен бағдарламаға Сэйдзиро Кояманың «История Хатико» фильмі енді. Шындығында, көрермен назарына басқа да жақсы картиналарды ұсынғымыз келген. Бірақ бұрын жапон киносының фестивалінде өте аз көрсетілген ленталарды таңдайық деп шештік», - дейді кинотанушы Олег Борецкий.

«История Хатико» фильмінен кадр
Сондай-ақ киношолушы жапон киносы түрлі жанрлығымен қызық екенін айтып өтті, өте жақсы аниме, артхаус фильмдерін жастар сүйсініп көреді.
Апталықты Масаюки Суоның «Давайте потанцуем» картинасы қорытындылады, кейіннен бұл фильмнің америкалық нұсқасы Ричард Гирдің қатысуымен түсірілген болатын.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін