È

Астанада израильдық кино апталығы өтеді

В Астане стартует Фестиваль израильского кино

14-18 қараша аралығында Астанада израильдық кино фестивалі өтеді. Көрсетілім «Сарыарқа» сауда, ойын-сауық орталығында Kinopark 8 кинотеатрында болады. Іс-шараны ұйымдастырған Қазақстандағы Израиль Елшілігі.

Елорданың тұрғындары мен қонақтарына түрлі жанрыдағы есте қаларлық 5 кинолента ұсыналады.

Фестивальды ашатын «Размер имеет значение» комедиясы. Сюжет төрт жақын дос жайлы. Олар өте сымбатты, көңілді, ақылды. Алайда оларға ортақ бір әлсіз тұстары бар - тамақ. Түрлі диетадан жалыққан олар сумомен айналсуды ұйғарады. Картина үш мәрте Израиль киноакадемиясының көзіне түскен.

«В пяти часах от Парижа» - ажырасқан таксист Игал жайлы драма. Бірде Игал өз ұлының мұғалімі Линамен танысады.Кейіпкерлердің арасында сезім пайда болады, бірақ Лина тұрмыс құрған.

«Нудл» фильмінің сюжеті стюардесса Мири жайлы. Келеңсіз жағдайға тап болған ол шекарадан заңсыз Қытайға ер баланы алып өтпек болады, ол жақта баланы туғани анасы күтіп отыр.

«Звезды Шломи» - комедиялық драма, басты кейіпкер - 16 жастағы Шломи Бар-Даян. Құрдастары оны таяз адам деп есептейді. Бірақ Шломидің ерекше дарыны бар екенін екінің бірі байқау бермейді.

Израиль киносының апталығын қорытындылайтын «Затерянные острова» отбасылық драмасы. Көпбалалы израильдық отбасы қарапайым өмір сүріп жатады. Ағайындылар ұрсысып қалады, ғашық болады, қалжыңдасады... Бірақ көп ұазамай бүкіл отбасының тағдырын өзгертетін жағдай болады.

Барлық фильмдер түпнұсқа тілде орыс тіліндегі субтитрлармен көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер