Қарағандыда «Асқар» атты әуесқой кино түсірушілерге арналған кинофестиваль өтеді
Қарағандыда «Асқар» әуесқойлы түсірілім кинофестивалі өтеді. Марапаттау салтанаты 21 қыркүйек күні болмақ. Қатысушылардың өтініштері 31 тамызға дейін қабылданады.
Кинофестиваль қатысушылары келесі номинациялар бойынша жеңіске таласады: «Ойнамалы фильм», «Әлеуметтік ролик», «Деректі кино», «Вайн», «Авторлық әнге бейнебаян», «Жарнама ролигі», «Timelapse» және «Stop Motion анимация».
«Фестивальдің ұйымдастыру жұмыстары қызу жүріп жатыр, бірақ биылғы жылы баяу қозғалып жатырмыз. Дегенмен, фестиваль жұмысын жылдан жылға жақсарту жоспарда бар»,-дейді ұйымдастырушылардың бірі Владимир Зуев.
Әр номинация бойынша екі жеңімпаз анықталады. Үздіктер екі кезең арқылы таңдалады. Алғашқы кезеңді Болат Аймағамбетов, Алексей Литвинас, Анна Строкова, Владимир Зуев, Қарағанды киносыншылар гильдиясы, Дамир Дүйсенбинов, Дмитрий Югай, Никита Денисов, Константин Павленко, Николай Мигачев, Александра Прудникова, Светлана Белавина, ал екіншісін - компетентті қазылар алқасынан құралған тәжірибелі мамандар бағалайды. Бұдан бөлек, «Көрермендер көзайымы» номинациясының лауреаттары Вконтакте әлеуметтік желісіндегі дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады. Ұйымдастырушылар 53 өтінішті қабылдап үлгерді, бірақ тізім әлі де толығуда.
Владимир Зуев
«Негізгі байқау бағдарламасына қарағандылық әуесқой режиссерлардың жұмыстары ғана қатысады. Ал байқаудан тыс бағдарламада Астана, Алматы, Мәскеу мен Владимирдан келген жас режиссерлардың жұмыстары көрсетіледі»,-деп бөлісті Зуев.
«Асқар» - әуесқой киноға және бейнешығармашылыққа қолдау көрсететін киножүлде. Кинофестиваль кино өнерінің жаңа түрлерін дамытып, оның танымалдылығын арттыруға әрі дарынды азаматтардың еңбегін елеп-ескеріп, бағалауға мүмкіндік береді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін