È

Қазақстанда «Айла: Соғыс қызы» түрік драмасы айналымға шығады

Қазақстанда «Айла: Соғыс қызы» түрік драмасы айналымға шығады

Жуырда Джан Улкайдың «Айла: Соғыс қызы» түрік драмасы отандық айналымға шығады. Шынайы оқиғаларға негізделген кинотаспа «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша «Оскар-2017» жүлдесіне үміткер болған.

«Айла: Соғыс қызы» фильмінің сюжеті соғыс уақытындағы тарихи деректерге негізделген. Соғыс отбасыларды ажыратып, балаларды жетім қалдырады. Соғыс кезінде аға сержант Сүлейман мүрделердің арасынан кішкентай корей қызын тауып алады. Олар қысқа ғана уақыттың ішінде бір-біріне бауыр басып қалады, әкесі мен қызы секілді өмір сүріп жатады. Кейін Сүлейман отанына оралуға дайындалады, бірақ өзімен бірге Айланы әкете алмайды. Бұл айырылысу екеуі үшін де үлкен трагедияға айналады, бірақ кейін екеуі міндетті түрде кездесуге уәде береді. Фильм кейіпкері үйге оралысымен, артынан жылап қалған Айланың жәутеңдеген көзін ұмыта алмайды. Екі жақта қалып қойған жандар кездесе ме, жоқ па – ол жағы белгісіз, маңыздысы, бұл екеуі соғыс жайлы қалыптасқан түсінікті бұзып, мүмкін емес нәрсені жасай алды.

Картинаға түрік пен шетел актерлары түсті: Исмаил Хаджиоглу, Четин Текиндор, Ли Гён-джин, Ким Соль, Кейд Кэрредин, Кенер Куртаран және Бюшра Девели.

Фильмді Мустафа Ослу кинокомпаниясы Warner Brothers-пен бірігіп түсірді. Лос-Анджелесте өткен түрік фильмдері фестиваліндегі тұсаукесерінде драма әлемдік сыншылар тарапынан жақсы пікірлерге ие болды.

«Бродвей» кинопорталы «Айла: Соғыс қызы» фильмінің трейлерін көруді ұсынады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер