È

Қазақстанда кино билетінің бағасы көтерілді

Қазақстанда кино билетінің бағасы көтерілді

Қазақстандық Energyprom.kz аналитикалық қызметі 2015 жылдың мамыр айы мен 2016 жылдың мамыр айы аралығынлағы кино билетінің бағасына жасалған мониторингтің нәтижесін жариялады. Осы уақыт аралығынла билет бағасы 16% өскен. Билет құнының кенеттен қатты көтерілуі Тараз қаласында байқалған, онда бірден екі есеге ( 531 теңгеден 1000 теңгеге дейін) көтерілген.

Көкшетау кинотеатрларында билет бағасы 50% пайызға ( 1000 теңгеден 1500 теңгеге дейін) көтерілді. Қызылорда да қалыспайды: мұнда билет құны 32,7% ( 980 теңгеден 1300 теңгеге дейін) өсті. Семейде 28,4%, 828 теңгеден 1063 теңгеге дейін. Астанада да билет бағасының көтеірлгені байқалады, 26,5% (1143 теңгеден 1446 теңгеге дейін).

Бір таңқаларлығы, еліміздің ең ірі қаласы Алматыда бір сеанстың құны бар болғаны 6,2% ( 1071 теңгеден 1137 теңгеге дейін) өскен. Ақтөбедегі соңғы оқиғалардан кейін билет бағасы 6,1% төмендеген ( 1304 теңгеден 1225 теңгеге дейін). Билет бағасы Петропавловскіде және Қостанайда өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде, көкшетаулықтар еліміз бойынша киносеансқа ең көп төлейді.

Ал билет бағасы әр қалада әртүрлі. Ең қымбат кинотеатр билеті Өскемен қаласында. Мұнда билет бағасы 60% өскен ( 500 теңгеден 800 теңгеге дейін). Талдықорғанда - 40%, Астанада 41,3% (775 теңгеден 1095 теңгеге дейін). Алдматыда бағалар 1590 теңгеден 1993 теңгеге дейін өзгерді, жалпы 25,3% көтерілді. Басқа қалаларда баға өсімі с 0% бен 11% аралығында. Нәтижесінде ең көп төлейтіндер алматылықтар.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Рүстембеков

Режиссер

Әнуар Нұрпейісов

Актер