È

Қазақстанда Вloomberg Financial News корпорациясының компьютерлік жүйесінің бұзылуы туралы фильм түсірмек

Қазақстанда Вloomberg Financial News корпорациясының компьютерлік жүйесінің  бұзылуы туралы фильм түсірмек

Продюсер Сәкен Белгібаев Вloomberg Financial News медиа-корпорациясының компьютерлік жүйесінің бұзылуын баяндайтын толықметражды фильм түсірмек. Картина негізіне қазақстандық Игорь Яримаканың «Айдың кері жағы» кітабы арқау болды, автор халықаралық көлемдегі киберқылмысқа қатысы бар деп айыпталған болатын.

Нью-Йорк миллиардері Майкл Блумбергтің Вloomberg Financial News қорғау жүйесінің және жеке поштасының бұзылуына қатысты ісі 2000 жылы басталған. Американдық сотқа Қазақстанның екі азаматы - программист Олег Зезев және заңгер Игорь Яримака шақырылды. Сот ісі бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде, Зезев 4 жылға түрмеге қамалды, ал Яримак бұзып алуға қатысы жоқ екенін дәлелдеп, өз-өзін ақтап алады.

«Зерттеу жүріп жатқан кезде, мен екі жыл Брикстон Лондон түрмесінде және нью-йорктік федералды түрмесінде отырдым. Сол кезде «Айдың кері жағы» деген кітап жаздым. Кейін, отанымда аяқтадым. Мен хикаямның дұрыс жағынан бейнеленіп, жақсы фильм болғанын қалаймын. Экрандауға екі жыл бекер дайындалған жоқпыз: мамандарды іріктеп, демеушілерді іздедік, сценарийді талқыладық. Сценарийдің алғашқы нұсқасын испандық автор Панчо Гонсалес жазды. Бірақ, еуропалықтардың бұл оқиғаны өзгешелеу көретінін түсіндім. Сондықтан, өз сценарийімді де жазып қойдым. Менің ойымша, біз жақсы сценарий құрастырған сияқтымыз. Қазіргі таңда, актер Брендан Глисонмен («Мерседес мырза» - ред.) келіссөз жүргізудеміз», - деді Игорь Яримака.

Картинаның негізгі түсірілімі Испания мен Ирландияда өтеді, ал 20%-ы Қазақстанда түсіріледі. Авторлардың айтуынша, фильмде шетелдік актерлармен қатар, отандық мамандар да атсалысады. Түсірілімнің қашан басталатыны әзірге белгісіз.

«Дәл осы оқиғаны экрандауды екі жыл бұрын ұйғардық. Бұл оқиға расымен де қызықты әрі көрсетуге тұрарлық, сондықтан да таңдауымыз осыған түсті. Игорь Яримаканың босатылуы, ФТБ-ға (ФБР) және америкалық сотқа қарсы шығу – біздің арнайы қызметтеріміздің, мемлекеттік қызметкерлердің және дипломаттардың үлкен еңбегі. Қазір сценарий мен фильмге авторлық құқымыз, сонымен қатар картина өндірісімен айналысатын Visomo еуропалық компаниясы бар. Кинотаспа бюджеті 10 миллион евроны құрайды», - деп қоса кетті Сәкен Белгібаев.

«Айдың кері жағы» жобасы Берлин кинофестивалінде және Роттердамда көрсетілді. Авторлардың айтуынша, картина туралы жағымды пікірлер қалыптасқан.

Қазіргі таңда, фильмнің бірнеше уақытша атауы бар. Соның бірі - «Indemnity» («Босату»).

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

17 января 2018, 22:47

А почему Кастинг не объявлен?

Даник

18 января 2018, 18:30

Хорошая идея!

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер