È

Қазақстанда «Өрлеу» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі басталды

Қазақстанда «Өрлеу» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі басталды

КСРО баскетбол құрамасы туралы «Өрлеу» ресейлік фильмі Қазақстанда тегін көрсетіле бастады. Көрсетілім қонақтары тағдыр тауқыметіне ұшыраған балалар болды.

«Өрлеу» картинасының алғашқы қайырымдылық көрсетілімі Алматы қаласындағы №1, №2 балалар үйінің және Қаскелеңдегі мектеп-интернаттың, жетім балаларға арналған «Жанұя» кешенінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті. Фильм көрсетілімі Астана, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында өтеді деп күтілуде.

«Өрлеу» фильмінен көрініс

«Өрлеу» картинасы КСРО құрамасының баскетболшысы Сергей Беловтың өмірі жайлы естеліктерге негізделген. 1972 жылы Мюнхенде ХХ Олимпиада ойындары басталды. Кеңестік жаттықтырушы Гаранжин өз еліне жеңіс әкелуге уәде береді және команда құрамын түгелдей өзгертеді. КСРО бойынша ең үздік ойыншыларды жинап, жаттығуды жаңа әдіс-тәсілдермен өткізеді. Уақыт өте келе, АҚШ құрамасының бас қарсыласы Одақтың жеңісіне көбісі күмәнмен қарай бастайды.

Көрсетілім ұйымдастырушысы - «Централ партнершип» ресми серіктесі болып табылатын Good Cinema компаниясы. Акцияның мақсаты – жастардың спортқа және салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер