2018 жылдың басында «Жағалау» фильмінің түсірілімі басталады
Режиссер әрі сценарист Эля Гильман «Жағалау» уақытша атауы бар көркем фильмнің түсіріліміне дайындықты бастап кетті. Картинаның негізгі түсірілімі 2018 жылы қаңтарда басталады. Қазіргі кезде кетіп бара жатқан дүниелер түсіріліп қойды.
«Жағалау» - 13 жасар бала туралы баяндайтын драма. Кейіпкер толыққанды жанұяда өскенімен, жақындарының тарапынан рухани қолдауға ие бола алмай жүреді. Сондықтан, жасөсіпірім мәселелерін өзі шешуге тырысады.
Басты кейіпкер рөліне Рашид Мусин бекітілді. Ата-анасын Еркебұлан Дайыров пен Сербия актрисасы Слобода Мичалович сомдайды. Сондай-ақ, картинаға Жандос Айбасов пен Кирилл Кяро түскен.
Эля Гильман
Хикаяны сценарист Расул Шыбынтай жазды, Эля Гильман Расулмен «25-ші шақырым» хикаясымен бірге жұмыс істеген. Авторлардың айтуынша, «Жағалау» фильмі ересектердің өз балаларына махаббат сыйлауды ұмытуы хақында болмақ.
Картина өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы және «Сталкер Синема» ЖШС айналысуда.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
25 желтоқсан 2017, 02:21Очень, интересная сюжетная история. Да, может это всеми известная тема, думаю, что может фильм принесет пользы, чем ничего, потому это важно.