È

Парижде Әділхан Ержановтың барлық фильмдері көрсетіледі

Парижде Әділхан Ержановтың барлық фильмдері көрсетіледі

Францияның астанасында Әділхан Ержановтың барлық фильмдері көрсетіледі. Қазақстандық режиссердің картиналары Халықаралық L’Etrange Festival («Біртүрлі фестиваль») альтернативті кинофестивалінде Focus арнайы бағдарламасы аясында ұсынылады. Кинокөрсетілім 2018 жылдың 5-16 қыркүйек аралығында өтеді.

Фестивальде режиссер Әділхан Ержанов «Риэлтор» және «Қожайын» фильмдерінен бөлек, жаңа кинотаспаларының бірі - «Түн құдайын» таныстырады. Сюжетте жұмыс арасында әңгіме құратын жұмысшылар жайлы баяндайды. Біреуі айналадағы ғажайып құбылыстарға қызығушылық танытады. Екіншісі өмірде ондай нәрселерді көрмегенін айтады. Сонымен қатар, ол досына мұндай жағдайларға назар аудармай, өз ісімен айналысуға кеңес береді.

Фильмге Баймұрат Жұманов, Максим Богомолов, Константин Козлов және Айнұр Тұрғанбаева түсті.

L’Etrange Festival 1993 жылдан бері өткізіліп келеді. Фестивальге бүкіл әлемнен келген ерекше таспалар қатысады. Биыл байқаудан тыс бағдарламада жапондық Жаңа толқынның және Nikkatsu көне жапон киностудиясының фильмдері көрсетіледі.

2016 жылы L’Etrange Festival-де Ержановтың басқа жұмысы – «Қаратас ауылындағы оба» таспасы көрсетілген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер