È

Павлодарда халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалі өтпек

Павлодарда халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалі өтпек

2018 жылдың 11 маусымында бірінші халықаралық «Ертіс Cinema» қысқаметражды фильмдер фестивалі басталады. Кинокөрсетілімнің өтетін орны ретінде режиссер, актер, қазақ киносының негізін салушы Шәкен Аймановтың туған жері Павлодар қаласы таңдалды.

Халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қысқаметражды фильмдерді таныту және таланттарды анықтап, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқауға 2016 жылдан кейін түсірілген ұзақтығы 30 минутқа дейінгі қысқаметражды ойнамалы және деректі фильмдер қатыстырылады. Бір автордан немесе шығармашылық бірлестіктен төрт жұмыстан артық қабылданбайды.

Жеңімпаздарды төмендегі аталымдар бойынша марапаттайды: «Үздік деректі фильм», «Үздік ойнамалы фильм», «Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы жайлы үздік фильм», «Әділ-қазылардың арнайы жүлдесі», «Көрермен көзайымы жүлдесі».

Өтініштер 1 маусымға дейін www.ertiscinema.kz. сайтында қабылданады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер