Павлодар облысында киномузей ашылуы мүмкін
81 жастағы Яков Коновалов ұзақ жылдай бойы кеңес киноленталары мен кинопректорларды жинаған. Оның коллекциясында мың жарымнан астам фильм бар екен, олардың ішінде өзінің де картиналары бар. Өзінің жәдігерлерін жергілікті қарттар үйінде сақтап отыр.
Алматыдағы кинотехникумда кинорежиссура факультетінде оқыған Яков Коновалов Ақсуға оралғаннан кейін өзінің киносын түсіре бастайды, ол өзінің туған қаласын, тұрғындарын түсіреді. Жаппай кинотеатрлар жабылып жатқан кезде Коновалов киноленталарды жинай бастаған: зейнеткер кейбір фильмдерді сатып алса, кейбіреуін сыйға алған.

Яков Коновалов (фото: pavon.kz)
Коллекционердің айтуынша, ескі фильмдер өте шынайы, көрерменге жып-жылы , мейірімді сезім сыйлайды. ,Сондықтан қария киномузей ашуды армандайды. Бған дейін зейнеткер жергілікті әкімдікке музей ашу туралы ұсыныссын айтып бірнеше рет барған, алайда осы уақытқа дейін шенеуніктер тек құр сөз беруден асқан емес.
Жақында киносузейдің ашылуы да мүмкін, сонда тұрғындар ескі кинотуындыларды тамашалай алады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін