È

«Три лимона» прокатқа шықты

 «Три лимона» прокатқа шықты

Қазақстандық прокатқа «Три лимона» жаңа фильмі шықты. Режиссері әрі продюсері Қырғызстанда «Общага», «Большие люди», «До+Фа-2» және «Браво» фильмдері арқылы танымал Нұрлан Мамакеев.

«Три лимона» - таксист Жәнібектің авантюралық оқиғасы, ол таңдырдың жазуымен аяқ астынан үш миллионға ие болады. Кейіпкердің өмірі күрт өзгереді. ол табысты кәсіпкерге айналады. Бірақ Жәнібекті алаңдататын бір жан бар, белгілі тележүргізуші Айдай. Сқлудың жүрегін ол жаулап ала алар ма, миллиондардың шын иесі табылғанда не болады?

Таксист Жәнібекті қазақстандық актер Дәстен Шәкіров («Махаббатым жүрегімде», «Өгей жүрек») ойнады. Кейіпкердің ғашығын Динара Бақтыбаева («Он и она», «Унесенные рейсом») сомдады. Сондай-ақ түсіріліимге Рауан Мұрталиев, Фархат Абдраимов, Саят Исембаев, Руслан Висингериев, Димаш Ахимов, Байыш Байғазинов, Марат Джуманалиев, Төлепберген Байсақалов және Әсель Садуақасова қатысты.Кәсіби актерлерден бөлек «Три лимона» фильміне Queex тобының белгілі вйнерлері де атсалысты.

«Три лимона» өз көрермендері күтеді. Көрсетілім кестесін «Бродвей» афишасынан көруге болады және билеттерге де тапсырыс бере аласыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер