È

Желіде «Кеңес Life» мини-хикаясы пайда болды

Тайтл: Желіде «Кеңес Life» мини-хикаясы пайда болды. Қазақстан киносы

Ғаламторда адам құқығы жайында баяндайтын «Кеңес Life» атты жаңа хикая пайда болды. Жоба Сорос Қорының қолдауымен «Әлеуметтік желі арқылы адам құқығы жөнінде азаматтық білімді дамыту» бағдарламасы аясында «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылды.

«Кеңес Life» веб-хикаясы халық арасында құқықтық нормаларға қатысты білім деңгейін көтеру мақсатында түсірілген. Жоба авторларының пікірінше, бүгінде қоғам өз құқықтарын, өздерін заң бойынша қорғауды дұрыс біле бермейді. Қазақстанда адам құқығына қатысты оқыту семинарлары өте сирек болады, ал дәстүрге айналған қағаз тарату жолы уақыт талабына сай келмейді. Сондықтан, бұл жоба әр хикаяның сценарийіне атсалысып жүрген азаматтық қоғам мамандарының қатысуымен көркем хикая үлгісінде көрерменге жол тартты.

Сондай-ақ, туындымен сценарийдің қосалқы авторы және режиссер Темір Укушев, қоюшы-оператор Иван Сковиков, дыбыс режиссері Юрий Храмовский және т.б. жұмыс істеп жатыр.

Желіге хикаяның екі бөлімі жарияланып үлгерді. Отандық көрерменге 11 эпизоды ұсынылады. Басты тақырыптары – заңсыз қамау, адамдарға қатал қарау және қанау, кемсітушілік, еңбек құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқығы және т.б.

Авторлардың айтуынша, актерлер әр хикаяда ауысып отырады. Бірінші бөлімінің актерлері: Қажымұқан Қалымбетов, Мадина Ақылбекова, Азамат Ашимов, Мұрат Мұқашев.

Көпсериялы фильмнің түсірілімі Алматы қаласында 2016 жылдың тамыз айында өтті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер