È

Шымкентте «Үлкен үй» хикаясы 3 маусымының түсірілімі қызу жүріп жатыр

Шымкентте «Үлкен үй» хикаясы 3 маусымының түсірілімі қызу жүріп жатыр. Қазақстан киносы

1 тамыз күні Шымкентте «Үлкен үй» танымал хикаясының 3 маусымының түсірілімі басталды. Көпсериялы фильм өз бағытын әрі қарай жалғастырмақ, көрермендер жаңа маусымнан такси жүргізушісі Мырзаханның іс-әрекетін 10 бөлімнен көре алады. Жобада өткен маусымдағыдай тұрмыстық өткір мәселелер қозғалмақ.

«Алғашында хикаяны бір маусымнан тұратын ситком ретінде түсіреміз деп ойладық. Алайда, жобаның танымал болғандығы соншалық, шығармашылық ұжым хикаяның екінші маусымын, әрі қарай үшіншісін түсіруді ұйғарды»,-деп бөлісті хикаяның атқарушы продюсері Қадыржан Құлманов.

Хикаяның актерлік құрамы өзгерген жоқ. Бұрынғы рөлдеріне Дәурен Жұмаділов, Жүсіп Ақшора, Майра Мақұлбекова, Абай Аязбаев, Нұржан Төлендиев пен Нартай Сүлейменов қайта оралды.

«Үлкен үй» хикаясының актерлары

Үшінші маусымның сценаристі - Мұрат Есжан, қоюшы-режиссері - Мақсат Оспанов, қоюшы-операторы - Еркін Сәтенов, екінші режиссер - Санат Омархан.

«Үлкен үй» көпсериялы фильм түсіру идеясы «Асыл арна» телеарнасының бас продюсері Ерлан Әбдірұлына тиесілі.

Хикая биылғы жылдың қазан айында эфирге шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Асылхан Төлепов

Актер