Шымкентте «Нұртас Оңдасынов» фильмінің тұсаукесері өтті
«Нұртас Оңдасынов» деректі фильмінің тұсаукесері Шымкентті өтті. Саяси тұлғаға арналған картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Алматыфильм» киностудиялары түсірді.
Нұртас Оңдасынов – XX ғасырдағы мемлекеттің саяси және қоғам қайраткері. Ол өз заманында Халық комиссиариаты кеңесінің төрағасы болды. Оңдасынов Отанының экономикасы мен мәдениетіне салмақты үлес қосты. Ол - Қыздар педагогикалық институтының, Спорт институтының және Ұлттық консерватоияның ашылуына мұрындық болды. Қазақстанның маңдайалды тұлғалары : Дінмұхамед Қонаев, Қаныш Сәтпаев, мүсінші Хәкімжан Наурызбаев және басқалардың қызметте өсуіне қолдау білдірген де осы Нұртас Оңдасынов еді.

Фото: Гүлсім Оразалықызы
тіпті зейнетке шыққан соң да қоғам қайраткері еңбек жолын жалғастырды. Нұртас Оңдасынов ғылыммен айналысты: оның лингвистика саласына арналған он томдық кітабы шықты және «Арабша-қазақша», «Парсыша-қазақша» түсіндірме сөздіктері шықты.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін