È

Теміртауда «Эго» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

Теміртауда «Эго» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр

Қарағанды облсыныда толықметражды «Эго» фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Идея авторы, продюсері Төребек Ұрынов, ол бұған дейін «Заманчивый мир» және «Расплата» фильмдерін түсірген.

Бұл жолы Темиртау жастары жас жініттер, ащы шындық тақырыбын қозғамақ, сондай-ақ махаббат, несие, салауатты өмір салты тақырыбы да қамтылған.

Картинаның түсіріліміне Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың актерлері мен жас актерлер қатысады. Ұрыновтың айтуынша, бұл жастардың кинемотографқа келуіне мүмкіндік туғызады. «Эго» фильмінде белгілі актер Жан Байжанов ойнайды.

Түсірілім кезеңі бір айға созылады.Негізгі түсірілімнің басым бөлігі Теміртауда өтті. Кейіннен команда Астанаға, Қарағандға аттанады. Түсірілімге жалпы 200 адам қатысады.

Фильмнің бюджеті әзірге құпия. Төребек Ұрыновтың алдыңғы «Расплата» фильміне 140 мың доллар жұмсалған еді.

«Эго» фильміне көрермен 2017 жылдың көктемінде баға бере алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер