È

Бәрі де еркектер үшін

Бәрі де еркектер үшін

Астанада толықметражды «Всё из-за мужиков» фантастикалық комедиясының түсірілімі басталды.

Сюжет негізінде үш достың оқиғасы, олар бір ғажайып жағдаймен тек әйелдер тұратын әлемге тап болады. Мұнда олардың барлық еркеліктерін көтеруге әзір. Алайда жігіттерге мұндай әлем ұнай ма? Кейіпкерлерге миллиондаған нәзікжандының махаббаты қажет пе, әлде бір ғана қыздың сезімі жеткілікті ме? Мұны кинодан білеміз.

Картинамен жұмыс істейтіндер Мұрат Бисенбин («Рэкетир»), Тәуекел Мүслим («Махаббатым жүрегімде»), Жәния Джуринская («ВУЗеры»), Данияр Алшинов («Ничего личного»), Сая Оразғалиева («ВУЗеры»), Әсел Ақбарова («Зауал»), Темірхан Асылбек.

Комедияның қоюшысы және операторы Виктор Бормотов. Кинокомедияның өндірісімен Bernays production компаниясы айналысады, Бұған дейін комедия көрерменге «Ничего личного» картинасын сыйлаған болатын.

Комедияның продюсері Александр Сусловтың айтуынша, ең қиыны әйелдердің әлемін жасау болған. Түсірілім тобы кадрда бірде бір ер адамның болмауын қадағалаған. Қоюшы-суретшілерге қабырғаларды алқызыл түске ауысытырып, автокөліктің әйелдерге арналған моделін іздеуге тура келді.

«Всё из-за мужиков» кинокартинасының түсірілімі шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Көркем лента үлкен экранға келесі жылы шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер