È

Шәкен Айманов XIV ХКФ қарашада басталады

Шәкен Айманов XIV ХКФ қарашада басталады

Алматыда 17-21 қараша аралығында XIV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді. Шараға бүкіл әлемнің кинематограф қайраткерлері жиналады. Үздік әлемдік және отандық картиналар көрсетіледі. Негізгі екпін түріктілді мемлекеттердің фильмдеріне бағытталады.

Шәкен Айманов фестивалі бұрын «Шәкен жұлдыздары» деп аталған және жас мамандарды қоодауға, олардың дамуына бағытталған. Биыл кинофестиваль тұжырымдамасы өзгеріп, кеңейтілді. 14-ші Шәкен Айманов ХКФ-не барлық түріктілді кеңістіктен кинематографшылар жиналып, киноөндіріс саласындағы халықаралық байланысты нығайтуға атсалысады.

«Жоғары деңгейлі фестиваль өткізу мүмкіндігінің пайда болғанына өте қуаныштымын. Сол арқылы қазақ киносы тарихын дәріптеп, толыққанды елге қалай айналатынымызды бағамдай аламыз», - деді Асанәлі Әшімов кинофестивалінің президенті.

Асанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов

ҚР Кинематографшылар одағының төрағасы Ермек Тұрсынов адамдардың назарын попкорннан аударып, көрермендерге нағыз киноны қайтару керектігін, сонда ғана аудиториямен сапалы деңгейде әңгемелесуге болатынын айта кетті.

Шараның байқау бағдарламасы Шәкен Аймановтың танымал таспаларының атауынан құралған үш бөлімнен тұрады. «Тоғысқан тағдырларда» көрермендер әлемдік режиссерлардың толықметражды картиналарын тамашалайды. «Атамекен» бөліміне түріктілді елдердің жұмыстары кіреді, ал «Біз осында тұрамыз» бөлімінде отандық өндірістегі картиналар ұсынылады. Үміткерлер ҚР Кинематографшылар одағының «Құлагер» Ұлттық жүлдесімен марапатталады.

Сонымен қатар, кинофестивальде шығармашылық кездесулер, конференциялар мен шеберлік сағаттары өтеді.

Шәкен Айманов ХКФ қонақтары байқаудан тыс бағдарламада әлемдік кинематографтың шедеврлерін және көрермендерге жұмыстарын өздері ұсынатын отандық мэтрлардың ретроспективаларын көріп, бағалайтын болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер