È

«Оңтүстікке сапар» айналымға шығады

«Оңтүстікке сапар» айналымға шығады

Алматыда дебютант Ержан Қабдуллин түсірген «Оңтүстікке сапар» комедиясы таныстырылды. Фильм 8 қарашадан бастап көрсетіле бастайды.

Сюжеті үш достың хикаясын баяндайды, олар белді кәсіпкердің өтінішімен Алматыдан Шымкентке барады. Жігіттер жайсыз жағдайға тап болады, тіпті біреуін бұзақылар ұрлап әкетеді. Енді достар жолдастарын құтқаруға тырысады, оларға жергілікті тұрғындар - Аман мен Бека көмекке келеді.

«Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс
«Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс

Таспаның бас продюсері Арман Райқұлов болды. Сценарийін жазғандар және басты рөлді сомдаушылар – Бекзат Дүйсенов пен Нұрсұлтан Төребеков. Сондай-ақ, фильмге Дәулет Бейсембек, Арман Райқұлов, Аманғали Сыпабеков, Қайрат Оразбеков, Николай Ашуров, Бекназар Ізбасаров, Сәбина Абдумутталиева түсті.

Рэп-орындаушы Baller де кинода дебют жасады. Ол көрермендерге бұзақылардың басшысы ретінде көрінеді. Комедиядан әнші Мөлдір Әуелбекованы да көретін боламыз.

«Түсірілім барысында қызықты сәттер өте көп болды, бұл тіпті таңқаларлық жағдай емес шығар, себебі барлық актерлар менің жерлестерім ғой... Расында, былай қарасаң, бүкіл түсірілім тобы мен актерлар Таразда дүниеге келген... Бұл шынында да тараздық фильм болды. Көрермендерге жаңа бағыттағы фильм ұнайды деп ойлаймын», - деді режиссер Ержан Қабдуллин Meloman.kz сайтына.

«Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс
«Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс

Шытырманға толы комедия Таразда және Алматы-Тараз трассасында түсірілді.

Таспамен операторлар Айдос Тұртаев пен Бекжан Қабдуллин айналысты.

Өкінішке қарай, «Оңтүстікке сапар» авторлары фильмнің тұсаукесерлі көрсетіліміне келе алмады.

 

Превью: «Оңтүстікке сапар» фильмінен көрініс

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса