Испан тілінен сынақ: Уилл Смит жанкүйерлеріне тіл білетінін дәлелдеді
Уилл Смит («Жарқындық», «Өзін-өзі өлтірушілер тобы») жанкүйерлеріне испан тіліндегі танымал «La Bamba» әнін орындай алатынын дәлелдеді. Ол 1958 жылдың классикалық әнін өзінің жеке көлігінде орындап, Instagram парақшасына жариялады.
«Жақында сіздердің араларыңызда біреулер мені «La Bamba» әнінің сөзін білмейді деп кінәлады» ,- деп жазды Смит. Актер өзінің испан тілін білетінін және ән айту қабілеті бар екенін бейнежазба арқылы көрсетті.
Осыдан екі күн бұрын Смит Кайман аралдарында «La Bamba» әнін орындап, шатасқан бейнежазбасын салған болатын. Оны музыка аспаптарындағы балалар оркестрі сүйемелдеген.






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Алихан
28 февраля 2018, 14:20Хммм....