È

«Келін де адам» фильмінің түсірілімі аяқталды

 «Келін де адам» фильмінің түсірілімі аяқталды

Режиссер Асқар Ұзабаев («Абайлаңыз, сиыр!», «Жол», «Гламур для дур») «Келін де адам» комедиялық лентасының түсірілімін аяқтады. Картинаның продюсері актриса Әсел Сәдуақасова, ол «Адель», «Замуж в 30», «Рывок» фильмдері арқылы белгілі.

«Келін де адам» толықметражды фильмі келін мен ененің ара-қатынасы жайлы, біздің қоғамда бұл өте өзекті мәселе.

«Келін де адам» комедиясының авторлары көрерменді қызықты сюжетпен, тамаша актерлық құраммен қуантпақ. Фильмді түсірушілердің айтуынша, ене мен келіннің жандары ауысып кетеді. Режиссер Асқар Ұзабаевтың айтуынша, фильмің сценарийі бір жылға жуық уақыт жазылды. Картинаның өндірісіне түсірілім тобы қазақ айының аяғында кіріскен болатын.

Келіннің рөлін Әсел Сәдуақасованың өзі орындады, ал ененің рөлінде театр мен киноның белгілі актрисасы, тележүргізуші Данагүл Темірсұлтанова (сериал «Домашние войны»). Сәдуақасованың экрандағы жары Данияр Алшинов («Районы»), ал олардың қызын Instagram жұлдызы Әмина Малғаждар (сериал «Женатики») ойнады.

«Келін де адам» фильмінің шығатын уақыты 2017 жылдың бас кезіне жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер