È

«Тілек тіле» комедиясының түсірілімі аяқталды

«Тілек тіле» комедиясының түсірілімі аяқталды

Otan film кинокомпаниясы «Тілек тіле» жұмыс атауы бар толықметражды фильмнің түсірілімін аяқтады. Картина идеясының авторы әрі режиссері Айбек Жансейітов (Бүркіт) болды, сценарийін Әуез Әуезов («Қазақша кәсіп Америкада») жазды.

«Тілек тіле» фильмі экшн элементтері бар комедия жанрында түсірілген. Хикая ортасында өмірін өзгерткісі келетін бойжеткен. Тілегі көкке жеткен қыз сыйлық ретінде кез-келген қалауын орындайтын періштеге ие болады. Осы сәттен бастап кейіпкердің қызыққа толы хикаялары басталады.

Отандық жаңа картинадан көрермендер әнші Индира Еділбаеваны, Асылбек Мұсабековты («Апан»), Айым Сейтметованы («Инстаграмшыл қыз») және Әбунасыр Серіковты («Келін де адам баласы») көре алады. Эпизодтарына Баян Алагөзова, Нұрлан Қоянбаев және әнші Кентал сынды жұлдызды тұлғалар түсті. Сондай-ақ, кадрдан Бүркіт пен Аишаны көруге болады.

Түсірілім 12 мамырда басталды және Алматыда өтті. Түсірілім тобы 6-12 маусым аралығында Дубайда болды, сол жақта кейбір көріністерді түсірді.

Авторлар «Тілек тіле» фильмін үлкен экранға осы жылы шығаруды жоспарлап отыр.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер