«Қағаз кеме» хикаясының түсірілімі аяқталды
Жақында «Қағаз кеме» хикаясының түсірілімі аяқталды. Көпсериялы фильм - Ерболат Беделханның режиссерлік дебюті. Продюсер жоба идеясы мен түсірілім барысы туралы brod.kz-ке айтып берді.
«Хикаядағы оқиға дарынды балалар оқитын мектепте болған. Көрермендер олардың басынан өткен қиындықтарына куә болады. Негізгі идея – жастарымыз үлгі алатындай кейіпкерлер образын жасау»,-дейді Ерболат Беделхан.
Картинадағы басты кейіпкерлердің образын Ninety One тобының әншілері: Азамат Зенкаев, Данияр Құлымшин, Дулат Мұхаметқалиев, Азамат Ашмақын және Батырхан Мәліков сомдайды. Айта кету керек, бұл жігіттердің екінші киножобасы. Алғашқысы - «Ninety One» толықметражды фильмі. Сондай-ақ, хикаяға Әсел Сәдуақасова түсті.
«Қағаз кеме» хикаясының түсірілім тобы
«Қағаз кеме» түсірілімі шілде айының соңында басталды және Қырғызстанда, Бішкекте өтті. Отандық хикаяның неліктен көрші мемлекетте түсірілгенін Ерболат былай түсіндірді:
«Қазақстанда қажетті объектілерді: заманауи әдемі локацияларды ұзақ іздедік. Алайда, көптеген оқу орындары кеңес заманындағы бейнені сақтап қалған. Хикаямыз XXI ғасырдың балалары туралы болғандықтан, әрине, ең бірінші мақсатымыз заманауи өмірді көрсету болды. Сондықтан, негізгі локация ретінде Орта Азиядағы Америка университетін таңдадық».
Телефильм Juz Entertainment продюсерлік орталығы және «НТК» арнасымен түсірілді. «Қағаз кеме» хикаясының тұсаукесері осы күзде болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін