È

«Бастық боламын» сериалының екінші маусымының түсірілімі аяқталды

 «Бастық боламын» сериалының екінші маусымының түсірілімі аяқталды

Жақында «Бастық боламын» сериалының екінші маусымының соңғы көріністері түсіріліп бітті. Ситкаомның жалғасын режиссер Ерлан Қасымжанұлы түсірді, ал өндірісімен айналысқан Kerec cinema компаниясы.

«Бастық боламын» сериалы - «Жетінші арнада» көрсетілген көпсериялы фильм. Картинаның басты кейіпкері – беделді университеттің 25 жастағы түлегі, ол шенеунік болуды армандайды. Алайда Парламенттегі орынтақтың орнына ол ауыл әкімінің орынбасары болып тағайындалады. Жас жігіт басқа да қандай жағдайларға тап болады, арманына жете ала ма, мұны көрермендер жақында біле алады.

Комедияның жаңа сериаларында көрермен Жүсіп Ақшора, Шыңғыс Әбдібек, Ерлан Қасымжанұлы, Дәнекер Оразбай және басқалар ойнаған кейіпкерлерді көре алады.

Екінші маусымның түсірілімі 9-14 наурыз аралығында өтті. Түсірілімге 50 маман қатысты. Олардың: екінші режиссер - Гүлбаршын Ергенбайқызы, қоюшы-операторы-Талғат Қалиев, Надыр Хандар мен Алмас Алтай, дыбыс режиссерлері - Серік Капебаев және Зураб Құрманбаев, кастинг-директор - Гүлжайна Ғарифоллина.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер