È

«Алтын сақа» қысқаметражды кино фестивалі аяқталды

 «Алтын сақа» қысқаметражды кино фестивалі аяқталды

Оңтүстік қазақстан облысында балаларға арнағлан фильмдер арасында «Алтын сақа» деп аталатын байқау өтті. БайқаудыОңтүстік Қазақстан облысы Мәдениет басқармасы және«Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.

«Алтын сақа» кинофестивалінің негізгі мақсаты - еліміздің киноөндірісін дамыту, жас режиссерлердің кәсіби біліктілігін шыңдау және жас көрермендерге арнағлан фильмдер түсіруге қолдау білдіру. Байқауға қатысуға 30 өтініш түскен, олардың ішінен негізгі бағдарламаға 23 жұмыс кірді: 13 фильм, 7 анимациялық лента және 3 әлеуметтік ролик.

Фестивальдың бас жүлдесін режиссер Нұрбол Әбсеметовтың «Қуат» фильмі жеңіп алды. «Қысқаметражды фильмдер» секциясында бірінші орын Дархан Нұртазаевтың «Айсұлу» фильміне, екінші орын Хамид Мұталиевтің «Қаһарман» фильміне бұйырды, ал үшінші орынды Бақытжан Көшеровтың «Я боюсь» фильмі иеленді.

 

«Анимациялықе фильмдер» секциясында бірінші орын Дариха Еркінбек пен Жұлдыз Өмірқұлованың «Лиса и фазан» , екінші орын - Береке Жүнісованың «Асар», үшінші орын - Оңласын Бүрібекованың «Наурыз» анимациясына берілді.

«Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін » режиссер Самат Нұралиевтің «Давайте беречь природу» мультфильмі, «Ерекше монтаж» және «Ерекше операторлық жұмыс» үшін Серік Таласовтың «Скорость» әлеуметтік ролигі марапатталды.

«Алтын сақа» фестивалінің жеңімпаздарының жұмыстары «Балапан» телеарнасынан көрсетіледі. Қатысушы фильмдер 23-інші қыркүйектен 3 қазанға дейін «Оңтүстікфильм» ғимаратында және балалар үйі мен интернаттарда көрсетілетін болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер