È

V «КиноАрт» әуесқой кинофестивалі өз мәресіне жетті

V «КиноАрт» әуесқой кинофестивалі өз мәресіне жетті

Шымкентте V «КиноАрт» әуесқой кинофестивалі аяқталды. Биылғы жылы байқауға 75 қысқаметражды жұмыс қатысты. Оның ішінде байқау бағдарламасына 11 фильм енді.

Бас жүлдені Сәбит Әбдінің «Ғайша» картинасы иеленді. Фильм XIII «Еуразия» ХКФ-не және «Жібек жолы» кинопоэзия фестиваліне қатысқан болатын. Құрметті екінші орынға Қарлығаш Есіркептің «105» таспасы жайғасса, үшінші орынға Абзал Төленовтың «Сағым» фильмі ие болды.

Сонымен қатар, аталым бойынша жеңіске жеткендер: «105» фильмі - «Үздік сценарий» (Қарлығаш Есіркеп) және «Екінші қатардағы үздік актер» (Құралбек Оразбек), «Ғайша» картинасы - «Үздік әйел образы» (Ғазиза Таңшолпан), «Үздік операторлық жұмыс» (Шыңғыс Рысқұлов), «Үздік музыкалық әрлеу» (Ақниет Нұржігітұлы), «Ой» таспасы - «Үздік монтаж» (Нұрхат Зұлпыхар) және «Үздік ер адам образы» (Руслан Нұрманов).

Байқауға қатысушыларды кинотанушы Ержан Жұмабеков, қоюшы-оператор әрі режиссер Бекайдар Шалдарбеков, режиссер Рақымжан Қалдыкөз және актер Ерсін Аманғалиев бағалады.

«КиноАрт» әуесқой кинофестивалі 2014 жылы құрылған. Оның негізін қалаушысы әрі жетекшісі - режиссер Еркебұлан Жолдасов.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер